Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Adıyaman °C

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Profesyonel Emlak
06.01.2024
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

2024 жылғы

Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды.

 

 

 

 

Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданған. Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр. Оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған. Президенттің тапсырмасымен Бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

Өте маңызды заң жобалары Қоғамдық палатаның отырыстарында талқыланады.

Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары халықтың қаржылық сауатын арттыру үшін парламенттік тыңдау, медициналық сақтандыру жүйесін дамыту, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және сауда саясатын жетілдіру мақсатында үкімет сағаттарын өткізгені жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері партиялық фракциялар мен бір мандатты депутаттар белсенділігінің артуы Парламенттегі пікірталас деңгейін көтергенін атап өтті. Депутаттар жылдың алғашқы күнінен бастап сайлаушылармен кездесу және халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу үшін өңірлерге аттанды.

 

 

 

 

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының парламенттік дипломатия аясындағы қызметі де таныстырылды.

 

 

 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-mazhilis-toragasy-erlan-koshanovty-kabyldady-50327

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.